
Құрметті Салымшылар мен Серіктестер!
Алматы, 15 қараша 2010 жыл – «Отан» зейнетақы қорының жаңа логотипі мен «Сенімді болашақ кепілі» ұранымен рестайлинг процессін бастағаны жайлы хабарлауға қуыныштымыз.
Қордың 9-жылдық тарихы, қордың негізін қалаушылардың қатарына «AsiaCredit Bank» АҚ-ң акционерлері енгені және жаңа даму стратегиясының қабылданғаны рестайлингті жүзеге асыруға түрткі болды. Өзгерістер өз алдына бас мақсаттарды көздейді – жоғарғы көрсеткіштерге жетіп, бизнес географиясын кеңейту арқылы Салымшалардың сенімін ақтау, достық қарым-қатынасын нығайтып, ашық және белсенді зейнетақы қор болу.
Жаңа логотиптің 2 түсті элементтері бар – көрнекі сызылған қара түсті линиялар алтыбұрыш символының жасыл реңімен ұштасады. Өз алдына алты бұрыштың әрбіреуі «Отан АЖЗҚ» АҚ-ң басты 6 жұмыс істеу принципінің айнасындай: тұрақтылық, әділдік, кәсібилік, тұтынушыға бейімдеушілік, даму және жауапкершілік. Алтыбұрыш ішіндегі жасыл түс таза, кауіпсіз және тұрақты өмір бастамасын бейнелейді.
Алтыбұрыш ішіндегі таңба «AsiaCredit Bank» АҚ-ның логотипімен тепе-тең, тек ішіндегі жасыл реңі өзгеше, оның ассоциативтік мағыналық құрамын атап өтсек:
- қазақ халқына сай дәстүрлік, даналық, қонақжайлықты бейнелейтін ұлттық ою;
- дәстүрлі зейнетақылық реформаларды қолдаудағы өсім мен жинақтаудың белгісі;
- қаржы нарығында тұрақтану мен «Отан АЖЗҚ» АҚ-ң зейнетақы жүйесін жетілдіруге қосқан үлесі, яғни жаңа бастаманың көзі.
Сонымен қатар, «Отан» АЖЗҚ» АҚ брендінің философиясы мен «Сенімді болашақ кепілі» ұраны Салымшыларға деген шынайылық ұстанымы пен қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілігінің жоғары болуына негізделген.
Анықтама: «Отан» АЖЗҚ» АҚ 2001 жылдың 1-ші қарашысында құрылған. 2010 жылдың 1-ші қазанына қарасты қор қызметінің негізгі көрсеткіштері: жарғылық капиталдың мөлшері - 2 млрд. 500 млн. теңге, міндетті зейнетақы салымдары бойынша Салымшылар саны - 259 087 адам, зейнетақы активтері сомасы - 59 101 231мың теңге, қызметтің басынан бастап есептелген инвестициялық табыс - 14 355 383 мың теңге.
Барлық қосымша сұрақтар бойынша Қордың баспасөз қызметіне хабарласыңыз.
«Отан АЖЗҚ» АҚ-ң баспасөз қызметі
тел.: 250 30 40 (ішкі 0885)
факс: 250 13 75
e-mail: abseiit@pf-otan.kz
www.pf-otan.kz