Ассалаумағалейкум! Мен ШҚО Аягөз ауданы Ақтоғай стансасынанмын. Менің сізге қояр сұрағым: осы зейнетақы қорының өкілдігін Ақтоғайдан ашуларынызды сұраймын, неге десеңіз, бұл ауылда тұрғындар көп, тоғыз жолдың торабы, 8000 мыңға жуық тұрғыны бар, Теміржол, ҚазақМыс және т.б. үлкен ауқымды мекемелер бар. Мұнда тек алдында «БТА Қазақстан» ЖЗҚ болған, оның жайын өзіңіз білесіз, сондықтан сізге үлкен өтініш: осы бекеттен шағын филиал ашуыңызды өтініп сұраймын, менің сұрағымды аяқ асты қарамауыңызды және бір шешім шығарсаңыз деп есептеймін. Мен өзім осы «Отан» зейнетақы қорында агент болып қызмет атқарамын. Аман сау болыңыз!
Тұрсынбеков Ернар Съязбекұлы